Қала мен сала

Сауда ойын-сауық орталықтары қаланы көгалдандыру жұмысына қосылды

Астана қаласында 25 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

К.Күмісбеков көшесі мен Абай даңғылының қиылысында ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Оған елордалық «Asia Park», «Сарыарқа», «Көктал», «Аружан», «Хан Шатыр», «Эталон», «Астаналық» сауда-ойын-сауық орталықтарының 100-ден астам қызметкері қатысып, акция аясында 350 көшет отырғызды.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов экологиялық акцияның маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай бастамалар қала тұрғындары мен бизнесті ортақ мақсат – елордадағы экологиялық жағдайды жақсарту жолында біріктіреді. Сауда-ойын-сауық орталықтары қызметкерлерінің қаланы көгалдандыруға қатысуы – экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға қосылған үлес», – деді ол.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button