Елорда тынысы

БАҚ өкілдеріне арналған индустриялық аймақтарға пресс-тур өтті

Бүгін Астанада БАҚ өкілдері үшін Индустриялық парк аумағына арнайы прес-тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара барысында журналистер қаладағы өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынымен, өндірістік қуаттармен және жаңа технологияларды қолданатын жетекші кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Прес-тур барысында БАҚ өкілдері Индустриялық парк аумағындағы үш жетекші кәсіпорынның жұмысымен танысты. Атап айтқанда, модульдік үй жинақтарын шығаратын «MODEX» зауытының құрылыс мерзімін қысқартатын технологиялары, сэндвич-панельдер өндіретін «KazPan» кәсіпорнының автоматтандырылған желісі және түрлі салаларға арналған өнім шығаратын көпсалалы «ATM Construction & Investment» (YDA) өндірістік кешенінің мүмкіндіктері көрсетілді.

Заманауи жабдықтармен жасақталған бұл кәсіпорындар елорданың индустриялық әлеуетін арттырып, өңдеу өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button