Ел тынысы
Елордадағы футбол матчына арнайы автобустар қатынайды

15 қараша 2025 жылы елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастырады, , деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады: 1. «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы 2. «Астаналық цирк» автотұрағы 3. «Бас Мешіт» автотұрағы 4. «Орталық саябақ» автотұрағы 5. «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.
Автобустардың қозғалысы сағат 16:00-ден басталады.
Әкімдік жанкүйерлерді өз ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.


