Мәслихат

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады

Осы аптада қалалық мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2025 жылы 12 қарашада сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.
  2. «Астана қаласында № 2 индустриалды парк салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
  3. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Астана қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы.
  5. Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
  6. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  7. «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №248/32-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. «Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының тұрақты комиссияларының құрамдары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4/1-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден», — делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button