Елорда банктері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Елордадағы банк секторы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау көрсетіп, қаланы абаттандыру және тазалықты сақтау жұмыстарына белсенді қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Экологиялық бастамаға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана қалалық филиалының, «Отбасы банк» АҚ Астанадағы орталық филиалының, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ филиалының, Астана қаласындағы «Bereke Bank» АҚ филиалының, сондай-ақ «Alatau City Bank» АҚ елордалық филиалының қызметкерлері қосылды.
Банк секторының өкілдері қоғамдық кеңістіктерді тазалау жұмыстарына қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың және елорда тазалығына ортақ жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы Астананы таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы қалаға айналдыру мақсатында тұрғындарды, бизнес-қоғамдастықты, еріктілерді және еңбек ұжымдарын біріктіреді.



