Ел тынысы
Қазақстан энергия үнемдеу күнін атап өтеді

7-10 қараша аралығында Астанада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұйымдастырған энергия үнемдеу апталығы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қатысушыларды не күтеді:
● 7 қараша – VII Халықаралық энергия үнемдеу форумы
● 8-9 қараша – «Energy Saving Cup» студенттік пікірсайыс турнирі /«Саладағы цифрлық трансформация»
● 10 қараша – Мектептегі энергия үнемдеу күні.
Форум Энергия үнемдеу, цифрландыру және энергия тиімділігі жөніндегі заманауи шешімдерді талқылау үшін сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, бизнес пен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинайды.



