Елорда тынысы

Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы Қорғалжын тасжолы мен Әйтеке би көшесінің қиылысында кәріз желілерін жүргізу бойынша құрылыс-монтаж жұмысын жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты 30 қазан мен 15 қараша аралығында Әйтеке би көшесінде Қорғалжын тасжолы бағытына қарай жүретін жол бөлігі уақытша жартылай жабылады.

Көлік қозғалысына баламалы бағыт ретінде Ұмай ана көшесімен қатынауға болады.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ерекше мұқият болу керек екені ескертіледі.

Жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына қажетті өзгерістер енгізіліп, тиісті жол белгілері орнатылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button