Ел тынысы

Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының ІІІ отырысы өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының ІІІ отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.📍

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының ІІІ отырысы өтті. Жиынға шығыстанушы ғалымдар, сала мамандары, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.

Кездесу барысында шетел архивтерінде сақталған қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты сирек қолжазбалар мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар журналист, жазушы Тынышбек Дайрабай Ұлттық кітапхана қорына филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаеваның «Қисса Дандан» қолжазбасын, фольклортанушы Мардан Байділдаевтың еңбектерін және өзінің жеке мұрағатынан материалдар топтамасын ресми түрде табыстады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button