Қоғам

Зейнеткерлер Шәмшінің шығармашылығына арнап кеш өткізді

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанынан құрылған «Театр әлемі» клубының өнерлі зейнеткерлері өз замандастарына ерекше тарту жасады. Олар қазақтың біртуар композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Әнім сен едің» атты театрландырылған қойылым ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кешке 100-ге жуық зейнеткер мен Орталықтың мәдени ұйымдастырушылары, сондай-ақ Шәмші шығармашылығын сүйетін көрермендер жиналды. Қойылым барысында театр клубының 15 мүшесі композитордың жан жүректі тербеткен әндерін жанды дауыста орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

«Театр әлемі» клубына Халима Жүнісқызы жетекшілік етеді. Бұл жолы олар тек ән орындап қана қоймай, Шәмші әндерінің өмірлік тарихына негізделген сахналық көріністер арқылы көрерменді өткенге саяхаттатты.

Кештің құрметті қонағы – композитордың қарындасы Райхан Қалдаяқова болды. Шымкенттен арнайы келген апамыз ағасы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, қойылымды тамашалап, залға ерекше әсер сыйлады.

Кеш соңында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Жолаушыұлы Райхан Қалдаяқоваға шынайы алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button