Елорда тынысы

Тазабек Республика күніне орай ізгі тілектер акциясын өткізді

Республика күні қарсаңында астаналықтардың сүйіктісі-қуыршақ Тазабек елорда тұрғындары мен қонақтарын еліміздің басты ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мереке қарсаңында Тазабек елорда жастарымен бірге ізгі тілектер акциясын өткізді, оның барысында қатысушылар қала тұрғындарына алғыс сөздерімен және құттықтаулар айтты. Акция патриотизм рухын нығайтуға және бірлік пен қуаныш атмосферасын туғызу үшін жасалып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде, мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button