Қоғам

Республика күні: Астанада заманауи суретшілер симпозиумы өтеді

Республика күні мен Жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында Астанада 21-25 қазан аралығында заманауи суретшілер симпозиумы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астанада өтетін симпозиумға Қазақстанның 9 өңірінен келген суретшілер жиналады.

Іс-шара заманауи қалалық мәдениет тұрғысынан жеке ландшафт пен ұжымдық жадыны зерттеуге арналған шығармашылық алаңға айналады.

Қатысушылар бес күн ішінде жаңа туындылар жасайды, пікірталастар мен шеберлік сабақтарына қатысады.

Симпозиум соңында «ӨзЖерім: URBAN NOMADS» көрмесінде 40-тан астам жаңа туындылар ұсынылады.

Іс-шараны Астана әкімдігі мен Мәдени іс-шаралар дирекциясы елорда Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button