Қоғам
20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні

Биыл қазақстандық қоғамдық тамақтандыру саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін алғаш рет атап өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аспаздар, кондитерлер, технологтар, даяшылар, әкімшілер күн сайын тек дәмді тағам ғана емес, сонымен қатар сапалы қызмет көрсетіп, жайлылық пен жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Олардың еңбегі — ел экономикасының маңызды бөлігі. Кәсібилігі мен еңбегі қонақжайлық мәдениетінің дамуына, туризмнің өркендеуіне және қалаларымыздың тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды болуына ықпал етеді.
Мереке құтты болсын!