Қоғам

Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді

20-24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” ұлттық киностудиясының “Қазақанимация” шығармашылық бірлестігі «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Апталық аясында көрермен назарына отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады. Бағдарламада цифрландырылған классикалық шығармалармен қатар, жаңа заманауи жобалар да қамтылған. Бұл – ұлттық режиссерлердің шығармашылығымен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысуға тамаша мүмкіндік.

Барша астаналықтар мен қала қонақтарын ұлттық анимация әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!

Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1)
Басталуы: 16:00. Кіру тегін!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button