Руханият

Сырбай әлеміне саяхат

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Сырбай Мәуленов: ақындық мұрат, сарбаздық рух, азаматтық болмыс» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны мектеп ұжымы мен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Конференцияға жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп және колледж мұғалімдері, әдіскерлер, ақынның көзін көрген замандастары мен ұрпақтары, сондай-ақ шығармашылығын зерттеушілер қатысты.
Салатанатты шараның басты мақсаты – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің әдеби мұрасын талдау арқылы оның азаматтық, жауынгерлік және шығармашылық болмысын жан-жақты ашу, жастарға патриоттық тәрбие беру және ақын мұрасын ғылыми тұрғыда насихаттау.

Іс-шара ең алдымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экскурсиямен басталды. Қатысушылар мектеп қабырғасындағы «Сырлы Сырбай кеңістігі» аймағының ашылуына куә болды. Бұл бұрышта ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, фотосуреттер мен қолжазбалар қойылған.

Мұнан соң көрермендерге ақынның өмір жолынан сыр шертетін «Жарқын бейне» атты деректі фильм ұсынылды. Келесі бөлімде оқушылардың орындауында «Мені ақын еткен жылдар» атты әдеби-пролог қойылымы көрермен көңілінен шықты.

Конференция барысында қатысушылар Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығына арналған естеліктерімен бөлісіп, оның поэзиясына әдеби және ғылыми талдау жасады. Ақын шығармаларының тәрбиелік мәні мен азаматтық үнін ашуға бағытталған баяндамалар тыңдалды. Шара соңында конференцияның белсенді қатысушылары Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленов атындағы қордың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button