Мәслихат

Кезектен тыс сессия шақырылады

Дүйсенбі күнге қалалық мәслихаттың сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2025 жылы 20 қазанда сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Астана қаласы мәслихатының депутаты К.С. Ибраевтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  2. Астана қаласы мәслихатының депутаты Ж.Ж. Кульмагамбетованың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  3. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  4. «Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының тұрақты комиссияларының құрамдары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4/1-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 128/16-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. «Астана қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының  мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы  26 желтоқсандағы  № 129/16-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден», — делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button