Елорда тынысы

Зейнеткерлерге арналған шығармашылық шеберлік сабағы өтті

Елордада қарттар айлығы аясында Сарыарқа аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жүннен моншақ жасау бойынша шығармашылық шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мастер-класты арт-терапия үйірмесінің жетекшісі Жібек Жайкенова жүргізді. Іс-шара әр ауданнан келген егде жастағы қатысушылардың басын қосты. Кездесу ерекше көңіл күйде өтті, қатысушылар бір-біріне көмектесіп, идеяларымен бөлісіп, әсем әшекей бұйымдар жасады.

Жібек Жайкенованың жетекшілігіндегі арт-терапия үйірмесі орталықтың ең танымал бағыттарының бірі саналады. Мұнда қатысушылар әртүрлі шығармашылық жұмыстармен айналысады: қалдық материалдардан бұйымдар жасап, ұлттық нақышта тақия, қамзол, орамал, шәлі тігеді.

Сол сияқты фетр және макраме техникасын меңгереді. Үйірме жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі шеберлерге де арналған, әркім өз қиялын жүзеге асырып, жаңа тәсілдерді үйрене алады.

Сонымен қатар, үйірме мүшелері үнемі мұражайлар мен көрмелерге барып, өнер мен дәстүрден шабыт алады. Мұндай кездесулер шығармашылық қабілетті дамытып қана қоймай, ерекше көңіл күй сыйлайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button