Қоғам

Елімізде ауқымды өрт қауіпсіздігі акциясы жалғасуда

  Еліміздің аумағында 15 тамыздан бастап тұрғын секторда өрттердің алдын алуға, жылыту маусымында төтенше жағдайлар санын азайтуға және халықтың өрт қауіпсіздігі бойынша сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Негізгі назар әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларды қорғауға аударылды. ТЖМ аумақтық бөлімшелері 108 442 тұрғын үйді есепке алды, онда әлеуметтік осал топ өкілдері мен 225 599 көпбалалы отбасы тұрады.

Акция аясында профилактикалық рейдтер белсенді жүргізілуде, жылыту жүйелерін, электр желілерін жөндеуге көмек көрсетіліп, мұржалар күйеден тазартылады және басқа да жұмыстар атқарылуда. Барлық іс-шаралар барысында түсіндіру әңгімелері және нұсқаулықтар да жүргізіледі. Құтқарушылар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері еске салуда.

Бүгінгі таңда 226 018 тұрғын үйде профилактикалық жұмыс жүргізіліп, 301 028 адамға нұсқаулық берілді. Жүргізілген іс-шаралар барысында шамамен 19 мың үй өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келтірілді.

Профилактикалық акция барысында газдың және жану өнімдерінің қауіпті шоғырлануын анықтайтын 11 259 датчик орнатылды.

Акция мақсаты – жылыту маусымына дайындық кезеңінде тұрғын сектордағы өрттің пайда болу қаупін төмендету ғана емес, сонымен қатар халықтың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріндегі санасын арттыру болып табылады.

ТЖМ барлық азаматтарды жауапкершілік танытуға, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға және қажет болған жағдайда ең жақын ТЖД бөлімшелеріне кеңес алу үшін жүгінуге шақырады.

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button