Ел тынысы

Starlink спутниктік интернеті іске қосылды

«KAZRAIL» теміржол тасымалдаушысы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша жүретін №655/656 пойызында Starlink интернетін пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жоба биылғы жылдың соңына дейін толық апробациядан өтеді.

Тасымалдаушылар жолаушы пойыздарында интернетті қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп келеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосқан болатын.

Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде 13 тамыздан бастап ұсына бастады. Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік берді.

Биыл 12 маусымда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойған болатын. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды.

Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді. Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button