Денсаулық

Инновациялық тәсілдер талқыланды

Астанада лейкоз, лимфома және сүйек кемігін трансплантациялау саласындағы инновациялық тәсілдер талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

11–12 қазан күндері Астанада «Гематология және сүйек кемігін трансплантациялаудың өзекті мәселелері» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Ұлттық ғылыми онкология орталық елордалық гематолог дәрігерлер Қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Түркия, Қытай және Өзбекстан елдерінен келген 300-ден астам маман – гематологтар, онкологтар, химиотерапевтер, трансплантологтар, патоморфологтар мен ғалымдар қатысуда.

Биылғы кездесудің басты ерекшелігі – ашық кәсіби пікірталас форматы. Дәрігерлер нақты клиникалық жағдайларды талқылап, науқастардың өмірінен алынған оқиғалармен бөлісіп, тиімді шешімдерді бірлесе іздестіруде. Мұндай тәжірибе алмасу тәсілі тек білімді кеңейтіп қана қоймай, диагностика мен емдеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Конференция бағдарламасы кең тақырыптарды қамтиды – жедел лейкоздар мен лимфомаларды емдеудің инновациялық әдістерінен бастап, сүйек кемігін трансплантациялау мен CAR-T терапиясының заманауи технологияларына дейін. Сондай-ақ, клиникалық зерттеулердің соңғы нәтижелеріне, диагностика мен пациенттерді бағыттаудың жаңа тәсілдеріне, емнің сабақтастығын қамтамасыз етуге және арнайы медициналық көмекті ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Бұл конференция тәжірибе алмасуға, ғылыми жетістіктер мен клиникалық тәжірибені бөлісуге арналған маңызды алаңға айналды. Әр түрлі елден келген сарапшылардың барлығы гематологиялық ауруларды емдеуді қолжетімді, сапалы және ең бастысы – науқастың мүддесіне бағыттау.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button