Мәслихат

Келелі мәселелер көтерілді

Қалалық мәслихат депутаттары «Астана-РЭК» акционерлік қоғамына барып, 2025-2026 жылғы жылыту маусымына дайындық барысымен танысып қайтты.

Бүгінгі таңда кәсіпорында – 1 910 қызметкер, солардың 92-сі әкімшілікте және 1 818-і өндірісте жұмыс істейді екен.

Тарифтер бойынша Астана қаласы республикада 14-орында: орташа есеппен – 34,92 тг, тұрғындар үшін – 26,54 тг және заңды тұлғалар үшін – 36,44 тг.

Кездесу барысында мен подстанция­лардан гөрі жаңа жылу электр орталығын салудың қажеттілігін айттым. Әріптестерім де маңызды мәселелерді көтерді. Мәселен, депутат Асқар Смағұлов әлеуметтік нысандардың (аурухана, емхана) тариф қымбаттығынан жиналған миллиардтаған қарыздарын атап, оларға бірыңғай көмек пен қолдау қажет екенін жеткізді.

Мен болсам, мердігерлердің қарыз­дарына тоқталдым. Өкінішке қарай, сол қарыздың кесірінен тұрғындар үйлерінің құжаттарын ала алмай отыр.

«Астана-РЭК» басшылары бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Компания өкілдері де өз проблемаларын жасырмады. Атап айт­сақ, қараусыз қалған электр желілері, техникалық қызмет көрсетілмеген желілер, заңмен бекітілген жауапкершіліктің жоқтығы, бірқатар қызмет түрлеріне тыйым салынуы мәселелерін алға тартты. Осы мәселелерді шешу үшін комиссия құрып, заңға өзгерістер енгізу туралы ұсынысымды ортаға салдым. Біз үшін ең бастысы – қала тұрғындарының сапалы жарық, жылу алып, әлеуметтік салалардың да тұрақты жұмыс істеуі.

Кендебай АДАМБЕК,

Астана қаласы мәслихатының депутаты

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button