Қоғам

«Әке – тәрбие мектебі»

Астанадағы №49 мектеп-гимназияда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әкелер клубының» ұйымдастыруымен «Әке – тәрбие мектебі» атты тағылымды шеберлік сабағы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында әкелер өз өнерін көрсетіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кірпіш қалау, ағаш жону, ағаш аралау, ағаш жару, қойды жіліктеу сияқты еңбектің қыр-сыры паш етілген бұл іс-шара оқушыларға зор әсер сыйлап, ұлттық дәстүр мен еңбектің қадірін тануға жол ашты. Танымдық әрі тәрбиелік мәні терең кездесуде жас ұрпақ әке мектебінің шынайы өнегесін алды.

Жиын соңына қарай әкелерге арналып ән шырқалып, бұл  бәріне ерекше жылы көңіл-күй сыйлады. Шеберлік сабағын өткізуге атсалысқан әкелерге арнайы алғыс хаттар табысталып, мектеп ұжымы оларға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. Бұл тағылымды басқосу әкенің отбасындағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін айқын көрсетіп, оқушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button