Құқық

Сот алаяқтық ісі бойынша үкім шығарды

Қызылорда қаласының №2 сотында ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған А.және Б. қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы, 4-бөлігі 2-тармағы), деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сотпен анықталғаны:

А. және Ж. жүктілік және босану, сондай-ақ бала күтімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді алушыларға құжат бойынша бірнеше жұмыс орындарын жалған көрсету жолымен төлемдердің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қылмыстық жоспар әзірлеген.

Сотталушылар әлеуметтік төлем алушылардың атынан жұмысқа орналасу туралы жалған құжаттар тапсырып, төлемдердің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік берген.

А.-ның қылмыстық әрекетінің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам, Б.-ның әрекетінен 7 млн теңгеден астам шығын келген.

Осылайша, сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы алдау жолымен алаяқтық жасаған.

Тараптардың ұстанымдары

Сотталушылар кінәсін толық мойындап, жасаған істеріне өкініп, залалды өтегендерін көрсетіп, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сонымен қатар, А. өзінің жүкті екенін көрсеткен.

Жәбірленушінің өкілі залалдың толық өтелгенін, сотталушыларға қояр талабының жоқтығын растады.

Сот шешімі

Сотталушылардың кінәсі олардың мойындаған жауаптарымен, жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен және қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушылардың кінәсін толық мойындағанын, жас балаларының болуын, залалдың орнын толтырғандарын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

А.-ға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігі бойынша жаза балалары 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылған.

Б.-ға ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 3 жылға 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Рақымшылық туралы Заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты Қызылорда облыстық соты үкімді өзгертті:

А.-ға 3 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК 74-бабы 1-бөлігіне сай, жаза балалары 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды.

Рақымшылық туралы Заңы қолданылып, жазаның үштен біріне қысқартыла отырып, Б.-ға 2 жыл 4 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button