Елорда тынысы
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтеді

Бейсенбі күні Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
2025 жылы 18 қыркүйекте сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақ енгізіледі:
- «Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден» — делінген хабарламада.