Ел тынысы

Қатарда Қазақстан азаматтарына жұмысқа орналасу жеңілдейді

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы Қазақстаннан келген жұмыскерлерді Қатарда жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құжаттың мақсаты — 2024 жылғы 14 ақпанда Доха қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау.

Бұл тұрғыда Қазақстан азаматтарының Қатардағы құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету ескерілген.

— Ол үшін мынадай айқын рәсімдер белгіленеді: іріктеу, қазақстандық азаматтарды жұмысқа қабылдау және олардың Қатарда жұмысқа орналасу кезіндегі құқықтарын айқындау. Келісімге қосымша ретінде қазақстандық азаматтарды Қатарда жұмысқа қабылдауға арналған үлгілік еңбек шарты бекітілген. Бұл еңбек шартының ережелеріне қандай да бір өзгерістер енгізуге Қатардағы жұмыс берушінің құқығы жоқ, — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Үлгілік еңбек шартында жұмыс берушінің:

— тұрғын үй беру немесе тұруға жәрдемақы төлеу;

— жұмыс орнына дейін және кері қайту үшін тегін көлік ұсыну немесе көлік жәрдемақысын төлеу;

— Қатар заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсету;

— жыл сайынғы демалысты қоса алғанда, жұмысқа орналасу және еңбек шартының аяқталуы кезінде әуе көлігіне ақы төлеу бойынша жұмыскерді қамтамасыз ету міндеттері көзделген.

Қатардың Еңбек министрлігі еңбек дауларын шешуге қатысты тиісті іс-шараларды атқарып жатыр. Егер бұл даулар ынтымақтастық тәртібінде шешілмесе, іс сотқа беріледі.

— Келісімнің орындалуын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Еңбек министрлігі өкілдерінен бірлескен комитет құрылады. Қатар Мемлекеті аталған Келісімді ратификациялау жұмыстарының аяқталғаны туралы 2024 жылғы 29 қарашада хабарлады, — деді министрі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button