Ел тынысы

Қазақстан тоғыз елмен еңбек келісімін мақұлдап жатыр

Қазір қол қойылып, жұмыс істеп тұрған 10 еңбек келісімі бар, олардың басым бөлігі ТМД елдері. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Қазір шетелде еңбек етіп жүрген және шетелде жұмыс істеуге ниетті қазақстандықтарды ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Мысалы, migration.enbek.kz порталына кіріп, баратын елді таңдасаңыз, міндетті түрде сол ел туралы мәлімет, еңбек заңнамасы жөнінде анықтама және еңбек етіп жүрген елде еңбек және әлеуметтік кепілдікті қорғау үшін не істеу қажеттігі туралы нұсқаулық аласыз. Барлық мәлімет ашық. Бүгінде шетелде жүрген қазақстандықтар интернет арқылы порталға кіріп, толыққанды кеңес ала алады, — деді Светлана Жақыпова Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазір Қатар мемлекетімен еңбек келісімін ратификациялап жатыр.

— Сонымен қатар бүгінде мемлекеттік органдардың келісім рәсімінен өтіп жатқан 9 келісім бар, олар мақұлданғаннан кейін Мәжіліске енгізуге дайынбыз. Қазір қол қойылып, жұмыс істеп тұрған 10 еңбек келісімі бар, олардың басым бөлігі ТМД елдері. Ал алыс шетелдерден Вьетнам, Ұлыбританиямен меморандумға қол қойдық, енді толыққанды келісімге көшіп жатырмыз. Сондай-ақ Словакия, Чехия, Жапония бар. Түркиямен келісімге қол қоюға талпындық, алайда Түркия екіжақты келісімнен бас тартып, Түркі мемлекеттері ұйымы аясында келісімге қол қоюды ұсынып отыр. Министрлік аталған бағыттағы жұмысты жалғастырады, — дейді ведомство басшысы.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button