Киберқауіпсіздік орталығы құрылады

Қазақстанда жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдардан қорғау үшін Киберқауіпсіздік орталығы құрылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Отын-энергетика кешенін киберқатерлерден қорғау үшін Қазақстанда мамандандырылған ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде қабылданған бұл шешім туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтып берді.
Мұндай құрылымды құру қажеттігі энергетика объектілерін қарқынды цифрландыру аясында киберқатерлердің өсуіне байланысты пайда болған. Вице-министрдің айтуынша, цифрлық басқаруға көшу ЖЭО сияқты нысандардың жұмыс тиімділігін арттырғанымен, сонымен бірге сырттан араласу қаупін де тудырып отыр.