Тарас Шевченкоға арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Көрме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылғы 24 сәуірдегі ХХХIV сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында украин халқының ұлы ақыны, жазушысы, суретші және қоғам қайраткері Тарас Шевченкоға арналып ұйымдастырылды.
Экспозицияда Тарас Шевченконың қазақ жеріндегі шығармашылығы және украин халқының этнографиялық мұрасы қамтылған. Көрменің мақсаты – қазақ және украин халықтарының тарихи-мәдени сабақтастығын жаңа қырынан көрсету, сондай-ақ Тарас Шевченконың қазақ даласындағы шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.
Жоба қос халықтың рухани үндестігі мен ортақ мәдени құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Көрме 2025 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады.