Ел тынысы

Екінші деңгейлі банктер дихандарға жеңілдетілген несие беретін болады

Биыл жылдың басында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тиімсіз субсидиялаудан агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдетілген несиелеу жүйесіне көшу қажеттігін атап өтті. Президенттің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қаржы институттарын субсидиялау тетігі әзірленді. Жаңа схемаға сәйкес, банктер мен өзге де қаржы ұйымдары қаражат тарту кезеңінде сыйақы мөлшерлемесін төмендетеді. Нәтижесінде, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – түпкілікті қарыз алушылар жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын несие ала алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2025 жылы аталған тетік Аграрлық несие корпорациясы арқылы апробациялануда. Корпорация жылдық 5% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беруді бастады.
Бастаманы іске асыру үшін республикалық бюджеттен 7,7 млрд теңге көлемінде субсидия көзделген. Пилоттық жоба аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңдеуші кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыру үшін 44,3 млрд теңге сомасында жеңілдетілген несие ұсынуда.

Нарықтық және жеңілдетілген мөлшерлемелердің айырмасын Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы институттарына тікелей өтейді. Мұндай тәсіл бюрократияны болдырмауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте мыңдаған фермерлер мен ондаған облыстық басқармалардың субсидиялау рәсіміне қатысу қажеттілігі болмайды.

2026 жылдан бастап республикалық бюджеттен тиісті қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына екінші деңгейлі банктер де қосылады.

Сонымен қатар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бордақылау алаңдарын жеңілдетілген несиелеу жұмысын бастады. Бұл қаражат та жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын деңгейде ұсынылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button