Елорда тынысы

Өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы ашылады

Елордада еліміздің түрлі өңірлерінен келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері басталады. Олар қазанның 26-сына дейін әр сенбі және жексенбі күндері өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алдағы демалыс күндері, 30 және 31 тамызда елордада Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысатын алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Олар тұрғындарға ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидектің алуан түрін фермерлерден тікелей ұсынады. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға әрі отандық өндірушіні қолдауға ықпал етеді.

Атап айтқанда, Түркістан облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері Астанаға 600 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде: 200 тонна көкөніс, 100 тонна ет пен ет өнімдері, 100 тонна сүт өнімдері, 80 тонна бақша өнімдері, 50 тонна жеміс, 19 тонна балық, 12 мың дана жұмыртқа және 60 тоннадан астам басқа да азық-түлік өнімдері бар.

Жәрмеңке барысында концерттік бағдарлама да ұйымдастырылады.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Қазанат» ипподромының автотұрағы аумағында (Қарқаралы тасжолы, 1) өтеді. Сондай-ақ жәрмеңке өтіп жатқан күндері қала тұрғындары мен қонақтарының жылдам жетуі үшін №18, №37 және №303 автобустар қатынайды.

Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button