Елорда тынысы

Филармония ауласын тазартты

Экологиялық акция «Таза орта – салауатты қоғам» (ҰК) аясында Астана филармониясының Камералық залының қызметкерлері еңбек демалысынан оралған алғашқы күні филармония ауласын тазартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Игі істі қолға алған ұжым табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуды мақсат етеді. Олар алдағы уақытта қала маңындағы киелі жерлерді де тазалауға атсалысуды жоспарлап отыр.

— Таза қала — мәдениетті қоғамның көрінісі. Біз табиғатты аялауды, қоршаған ортаны таза ұстауды тек экологиялық қажеттілік емес, сонымен қатар азаматтық мәдениеттің маңызды бөлігі деп білеміз. Әрбір адам айналасын таза ұстауға жауапкершілікпен қараса, ол тұтас қоғамның саналы әрекетіне айналады.
Филармония ұжымы ретінде біз осындай игі істерге үнемі үн қосуға дайынбыз. Бұл тек сенбілікпен шектелмейді — бұл өмір салтына айналуы тиіс. Өскелең ұрпаққа үлгі болу, туған қаламызға деген сүйіспеншілікті нақты әрекетпен көрсету — әр азаматтың парызы,— дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік филармонияның ба. директорының кеңесшісі Арайлым Бақытқызы.

Шапағат Әбдір

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button