Ел тынысы

Елордада Цзянсу провинциясының ірі корпорациясы өкілдерімен кездесу өтті

Астанада Кәсіпкерлер палатасы басшылығының, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Қытайдың Цзянсу провинциясындағы ең ірі мемлекеттік кәсіпорындардың бірі – China Jiangsu International Group халықаралық корпорациясы өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Жиын іскерлік байланыстарды дамытуға, экономикалық өсімді ынталандыруға қабілетті бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталды. Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңіс Тайшытаев қатысушыларға ұйымның қызметін таныстырып, Палатаның бизнес пен мемлекет арасында тікелей диалог жүргізуге арналған ашық алаң екенін атап өтті.

«Мұнда кәсіпкерлер өзекті мәселелерін тікелей көтеріп, құқықтық және салықтық қолдау алып, әкімшілік кедергілерді еңсеріп, инвестициялық идеяларын іске асыру үшін серіктестер таба алады» деді Ж.Тайшытаев.

«Чжунцзян» корпорациясының бас директорының орынбасары Ху Лин компанияның ауқымы мен қызмет бағыттары туралы айтты. Корпорация құрылыс, сауда және инфрақұрылымға инвестиция салу салаларын біріктіріп, 40-тан астам еншілес кәсіпорын мен филиалға ие, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен жаңа қалалық құрылыс тұжырымдамасы аясында табысты жобаларды жүзеге асырып келеді. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанды Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді серіктестік үшін негізгі әріптес ретінде қарастырады.

Келіссөз барысында тараптар тәжірибе алмасу, заманауи құрылыс технологияларын енгізу және елордадағы көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды бірлесіп әзірлеу мүмкіндіктерін талқылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button