Елорда тынысы

Астанада «Эпилепсия G40» диагнозы бар көлік жүргізушілері анықталды

Елорда прокуратурасы медициналық шектеулері бар тұлғалардың көлік жүргізу фактілерін анықтады,деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қайшы көрсеткіштерге ие «Эпилепсия G40» диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған.

Мысалы, жүргізуші рөлде отырған кезде денесі құрысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Өз кезегінде аталған тұлға 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.

Ол ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды.

«Жол жүрісі туралы» Заңының 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығын тоқтатуға заңды негіз болып табылады.

Қала прокуратурасы жол бойында денсаулығына қауіп төндіретін адамдарды жүргізуші куәлігінен айыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — жұмыстың басым бағыты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button