Елорда тынысы

“Абайды оқы, таңырқа…”

Астана қаласы “Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің”№10 көпшілік кітапханасында “Абайды оқы, таңырқа…” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге бағытталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға №60 “Арай” балабақшасының “Қошақан” ересек тобы, мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, ақынның әндері жанды дауыста шырқалды. Сондай-ақ Абай бейнесін сомдау арқылы қазіргі жастарға оның ұлағатты сөздерін насихаттау барысында театрландырылған қойылым ұсынылып, бұл қойылым көрермендерді тәнті етті.

Кештің шымылдығын кітапхана қызметкері Ә. Омаш Абай өмірі мен шығармашылығына шолу жасаған баяндамасымен ашты. Қатысушылар Абайдың әлемдік деңгейдегі тұлға ретіндегі рөліне тоқталып, оның шығармаларындағы шындықтың бүгінгі күнде де өзекті болып отырғанын атап өтті.

Іс-шара аясында “Абай әлемі” атты кітап көрмесі де ұйымдастырылып, келушілерге ақынның өмірі мен еңбектеріне арналған әдебиеттер таныстырылды, Q код арқылы мағұлматтар берілді.

“Абайды оқу — өзіңді тану” деген қағидамен өткен кеште қатысушылар рухани ләззат, ұлы тұлғаның өнегелі өмірінен тағылым алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button