Елорда тынысы

Астанадағы «Атамекен» этно-мемориалды кешені басқа жерге көшіріле ме?

Астанадағы «Атамекен» этно-мемориалды кешені қазір жабық тұр. Астана қаласының Мәдениет басқармасы бұл нысанға қатысты алдағы жоспары туралы мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кешен  қызметкерлерінің айтуынша, “Атамекен» этно-мемориалды кешені апатты жағдайда деп танылғандықтан, жұмысын тоқтатты. Биыл этно-мемориалды кешенді сүру жоспарда жоқ.  Сондай-ақ кешеннің қызметкерлері түгелдей жұмыспен қамтылған. Кешенде 26 қызметкер жұмыс істеді, қазір бұл қызметкерлер Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік мекемесінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Басқармадан мәлім еткендей, болашақта басқа жерде «Атамекен» этно-мемориалды кешені тектес нысан салу жоспарда жоқ.

Еске сала кетейік, «Атамекен» этно-мемориалды кешені 2001 жылы 8 қыркүйекте ашылды. Кешен аумағында барлығы 200-ден астам миниатюра бар. Қазақстанның үлкен картасына барлық облыстар мен еліміздің бас қалалары — Астана мен Алматы сыйған.  Ресми мәліметке сүйенсек, кешенді 2023 жылы — 17 859 адам, 2024 жылы — 27 055 адам тамашалаған.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button