Елорда тынысы
“Халық қатысатын бюджет” жобасының жемісті жұмысы

“Халық қатысатын бюджет” жобасына қатысып, жеңімпаз атанған “Астана жұлдызы” тұрғын үй кешенінің ауласы абаттандырылып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасты. Ауланың аумағына заманауи ойын кешені, жаттығу құралдары мен футбол алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жерге тартан төселді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жалпы, биыл Есіл ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында 6 аула жеңімпаз деп танылған. Қазіргі таңда соның төртеуінде абаттандыру жұмыстары толық аяқталды, қалған екеуінде жұмыстар аяқталуға жақын.