Елорда тынысы
Елордада бірнеше аялдаманың атауы өзгерді

Елордада бірқатар аялдама атаулары өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems ақпарат таратты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Құзырлы мекеме мәліметінше, қаладағы үш аялдаманың атауы өзгерген. Атап айтқанда:
“Астана солар зауыты” аялдамасы – “Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы”, №№ 18, 37, 42 бағдарлары бойынша;
“Альтаир салоны” аялдамасы – “Күлтөбе орамы”, №№ 5, 5А, 8, 14, 22, 22А, 40, 64, 72 бағдарлары бойынша;
“Бахус” СҮ аялдамасы – “Жас батыр” с/к, №№ 5, 5А, 6, 20, 33, 37, 71, 72 бағдарларында.