Астанада «Пикник by Partners» фестивалі өтті

26 шілде күні Астанада өткен ауқымды «Пикник by Partners» фестивалінде «Астана Жастары» еріктілері қонақтарды ерекше әрі игі акциямен қуантты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Фестиваль барысында қонақтардың арасында Астана тұрғындарына жақсы таныс Тазабек — бойшаң қуыршақ жүріп, қолына: «Егер сен тазалықты қолдасаң – құшақтасайық!» деген жазуы бар тақтайша ұстады. Жолай өтіп бара жатқан адамдар тазалық символын қуана құшақтап, естелікке суретке түсіп, акцияның идеясын қолдады.
Айта кетейік, бұл акция бірден бірнеше маңызды тақырыпты қамтыды: экологиялық сана, әлеуметтік бірлік және азаматтық белсенділік. Еріктілер мұндай шынайы және жағымды бастамалар арқылы игі істерге қоғам назарын аударуды жалғастырып келеді.
Сонымен қатар, фестиваль барысында жүргізушілер сахнадан маңызды үндеу жасады: «Біз есірткіге қарсымыз!» — бұл сөздер жастар үшін денсаулық, қауіпсіздік және заңдылық әрдайым басымдықта болуға тиіс екенін еске салды