Ел тынысы

Пара үстел теннисі өтеді

Астанада биыл 30 шілде мен 3 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирі өтеді. Бұл – әлемдік пара үстел теннисі рейтингіндегі маңызды, екінші деңгейлі халықаралық дода, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) күнтізбесіне енген бұл дода — 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына және әлем чемпионатына іріктеу турнирі болып саналады. Рейтингтік жарысқа 15-тен астам елдің спортшылары қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан, Малайзия, Үндістан, Франция, Гонконг, Бельгия, Жапония, Оңтүстік Корея, Польша, Германия, Болгария, Ұлыбритания, Түркия және бейтарап (AIN) 138 спортшысы бақ сынайды. Олар жеке және жұптық сында шеберлік байқасады. Ел намысын қорғау үшін Астана қаласынан 9 спортшы қатысады. Олар: Айдарханова Сауле, Қайдасова Гүлмира, Ержанқызы Алтынай, Степанова Александра, Таш Балзия, Алиева Жанна, Гирьфанов Ринат, Сигарев Станислав және Рогова Антонина.

Аталған халықаралық турнир — елімізде алғаш рет 2024 жылы өткізілген ITTF Fa20 Astana Para Open 2024 жарысының жалғасы іспеттес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы дода – Қазақстандағы пара үстел теннисінің даму деңгейін тағы бір мәрте көрсететін маңызды спорттық оқиға болмақ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button