Ел тынысы

Дарынды жастар өнерін көрсетті

«Астана Опера» сахнасында Петр Ильич Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы өтті. Қойылым халықаралық «Опералия» музыкалық фестивалі аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталмыш қойылым әлемдік деңгейдегі шеберлер мен Қазақ ұлттық хореография академиясының дарынды оқушыларын бір сахнада біріктірді. Жас әртістер спектакльге шынайы, шабытты өнерімен және сахналық шеберлігімен көрік беріп, көрерменді тәнті етті. Олардың қатысуы қойылымның сәнін кіргізіп қана қоймай, Академиядағы кәсіби даярлықтың жоғары деңгейі мен дәстүр сабақтастығының жарқын дәлеліне айналды.

«Ұйқыдағы ару» – әрбір бөлшегі мәнге толы, сұлулығы мен үйлесімі сирек кездесетін балет. Бұл сиқырлы көркем туындының ішінде балалардың рөлі ерекше, өйткені олар қойылымға шынайы тыныс, өмірдің лебін алып келеді. Мен біздің жас әртістерімізді мақтан тұтамын және оларға қолдау көрсеткен ата-аналарына алғысымды білдіремін», – деді өз сөзінде Академия мен «Астана Опера» театры балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

Академия шәкірттері үшін мұндай ауқымды қойылымға қатысу, өнер майталмандарының тәжірибесімен алмасу бірегей мектеп болды. Әсіресе, жас өнерпаздарды жоғары деңгейде дайындаған оқытушылардың еңбегі айрықша.

Осылайша, Қазақ ұлттық хореография академиясы – Орталық Азиядағы хореографиялық білім берудің жетекші орталығы екенін көрсете білді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button