Балаларға қолөнер мен ағаш өңдеу үйретіледі

Астана қаласындағы №63 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия жанында «Балдәурен» жазғы лагері жұмыс істейді. Лагерьде балаларға қолөнер және ағаш өңдеу бойынша дәрістер өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Лагерь жұмыс істеген уақыт аралығында балалар Астананың бірнеше көрікті жеріне саяхат жасады. Биыл лагерьде 500-ге жуық оқушы демалып жүр.
«Ата-аналардың тілегімен біз Ұлттық музейге экскурсияға бардық, саябақтар мен театрларды араладық. Мектеп жанында шеберханалар құрылған, онда ұлдар ағаштан бұйымдар жасауды үйренсе, қыздар қолөнермен айналысып, ұлттық стильде керемет кесте тігуді меңгереді. Біз «Дос болайық» және «Кітап лайк» жобаларын енгіздік, олар жоғары сынып оқушыларына арналған. Бұл бастамалар арқылы балаларға топта жұмыс істеудің маңыздылығын үйретеміз», – дейді мектеп-гимназияның орынбасары Мақпал Кержекеева.
Оның айтуынша, әр күннің соңында педагогтар балалармен бірге күнді қорытындылап, келесі күнді одан да қызықтырақ өткізуге дайындалады.