Ел тынысы

Жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтіп жатыр

Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде 2011-2012 жылдары дүниеге келген жасөспірімдердің ашық республикалық бәсекесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігі мен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтіп отыр. Турнирді ұйымдастырушы – Qazaq Arlany by M.Toitov бокс клубы. Оның негізін қалаушы Astana Arlans құрамында WSB нұсқасы бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған Мейірболат Тоитов екенін айта кеткен жөн.

«Алғашқы жарысымызды кішкентай ғана залдан бастап едік. Міне, енді үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан турниріміздің ауқымы ұлғайып, барлық өңірдің спортшыларын жинадық», – деді Мейірболат Тойытов.

Дәл осы Beeline Arena спорт кешені бұған дейін 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты, IBA ұйымының «Чемпиондар түні» сынды ірі додаларды қабылдаған.

«Біріншіден, жасөспірімдер арасында әлеуметтік желі трендте. Біз жарыс бойы заманауи трендтерді қолданамыз. Екіншіден, бәсекені бастан-аяқ YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетеміз. Турнир біткеннің өзінде мұрағат сақталады. Бұл бапкерлерге әр жекпе-жекті талдап, қателікпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Үшіншіден, осы жас санатындағы боксшылар әлемдік гимназиадада жүлделі орындарға ие болды. Бұл турнир тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік», – деп жауап берді Мейірболат Тоитов.

Жарыс 22 маусымға дейін жалғасып, жүлдегерлер медаль және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button