Қала мен сала

Ыстық күндердегі өрт қауіпсіздігі

Жазғы аптап ыстық басталғанда өрт шығу қаупі күрт артады. Жоғары температура, құрғақ шөп, күшті жел мен адам факторлары бірігіп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Азаматтық қорғау мамандары ескертеді: өртті сөндіргеннен гөрі, алдын алған оңай. Қарапайым ережелерді сақтау – өмірді, денсаулықты және мүлікті сақтап қалуға көмектеседі.

Табиғат аясында барынша сақтық ережелерін сақтаған жөн. Жазғы пикник­тер, сая­жайға бару немесе орманда серуендеу кезінде ерекше мұқият болу қажет. Төмендегілерге: ормандарда және құрғақ шөп өскен ашық жерлерде от жағуға; сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастау­ға және арнайы жабдықталмаған орындарда мангал пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Тамақ дайындап болған соң, көмір қалдықтарын толық суытып, сумен мұқият сөндіру керек. Мангал маңында міндетті түрде алғашқы өрт сөндіру құралдары – су, құм немесе өрт сөндіргіш болуы тиіс.

Үйде және саяжайда жаздың ыстық күндерінде тұрмыс­тық техникаларға – кондицио­нерлер, желдеткіштер, тоңазытқыштарға жүктеме артады.

Өрттің алдын алу үшін электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз; тұрмыстық техниканы қараусыз қалдырмаңыз және жанғыш заттарды күн сәулесі түсетін жерлерде сақтамаңыз.

Үйде жұмыс істейтін өрт сөндіргіш болғаны және оны қолдана білу маңызды.

Көлік салонында қалдырылған аэрозольдар, оттықтар немесе аккумуляторлар күн астында қатты қызып, өртке себеп болуы мүмкін. Бұған жол бермеңіз – қажетсіз заттарды көлікте, әсіресе жабық күйде күн астында қалдырмаңыз.

Өрт болған жағдайда не істеу керек?

Мүмкіндігінше тез арада 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Қолда бар құралдармен (су, құм, өрт сөндіргіш) өртті сөндіруге тырысыңыз.

Алаңдамаңыз және қауіпсіз жерге эвакуация жасаңыз. Тығылмаңыз! Бұл құтқарушылардың сізді табуын қиындатады.

Назар аударыңыз! Өз өміріңіз бен жақындарыңыз­ды қорғаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Өртті байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

Дария БАЙЗУЛОВА,

Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы,

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button