Мәдениет

«Құштардың» астары қалың

 Елордадағы OzgeEpic креатив хабы «Құштар» спектаклін ұсынды. Аутизм тақырыбына арналған спектакльді ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент депутаттары, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және зиялы қауым өкілдері тамашалады.

– Аутизм – қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Соған қарамастан, оған терең үңіліп, ашық талқылауға көптің батылы жете бермейді. Ал OzgeEpic ұсынған жобада осы бір әлеуметтік маңызы бар мәселенің аспектілері кәсіби сахна арқылы жан-жақты көрсетіледі. Инклюзия ұғымының қаншалықты ауқымды екеніне баса мән беріледі. Жалпы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде инклюзивті қоғам құру жолында кешенді жұмыс атқарылып жатқаны белгілі. Мүгедектігі бар адамдарға және әлеуметтік осал топтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жүйелі сипат алды. Тиісті заңдар да уақытылы қа­былданып жатыр. Бұл ретте инклюзияның маңызын бүкіл қоғамның сезінуіне жол ашатын жаңаша қадамдар жасаудың да берері мол екені сөзсіз. «Құштар» спектаклі дәл осы талаптың үдесінен шығатын тың тәсіл десек артық бола қоймас. Қойылымға кәсіби актерлердің қатысуы және дайындық кезеңінде зиялы қауымның кеңес беруі де оның деңгейін арттыра түскені анық байқалады, – деді Сенат төрағасы.

Аталған қойылым – OzgeEpic креатив хабы мен Creativity Support Team тобының бірлескен жобасы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button