«Өрлеу» бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылды

Шағын және орта бизнесті қолдау құралдары көбейді: Қазақстанда «Өрлеу» жеңілдікті несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 12,6%-дан аспайды, мерзімі — 10 жылға дейін, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Жаңғыртуға, өндірісті кеңейтуге немесе отандық материалдар мен жабдықтарға көшуге инвестиция қажет пе? «Өрлеу» бағдарламасы — инвестициялық мақсаттарға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін алу мүмкіндігіңіз. Мөлшерлеме — 12,6%-дан жоғары емес, мерзімі — 10 жылға дейін, қайта қаржыландыру бар. Ал егер жоба талаптарға сай келсе, онда «Даму» қорынан кепілдік алуға болады», — деп хабарлайды Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы.
Қазақстанда тіркелген ШОБ субъектілері қатыса алады. Экономиканың келесі секторлары басымдыққа ие: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.
Өтінімдерді Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank қабылдайды.
Толығырақ — damu.kz сайтында және 1408 нөмірі бойынша.