Қоғам

Креативті жастар – жаңғыру кепілі

Елордада өткен «Жаңа буын лидерлері» атты ашық диалог алаңында жастардың азаматтық белсенділігі, шығармашыл ойлау қабілеті мен көшбасшылық қасиеттері кеңінен талқыланды. Іс-шараға елдің түкпір-түкпірінен келген белсенділер, тренерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Жанна Абдуали өз сөзінде жастарды елдің қозғаушы күші ретінде сипаттап, олардың мемлекет дамуына қосар үлесінің айрықша екенін атап өтті.

Креативті бастамалар қоғамдық қорының құрылтайшысы, креативті экономика бойынша стратег-эксперт Дина Абдрахмет 2021 жылдан бері креативті индустрияда жұмыс істейтін маман ретінде шығармашылық пен цифрлық мүмкіндіктердің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, креатив деген тек өнерге қатысы ұғым емес.

«Креатив – бұл ойыңды өзгеше жеткізе білу қабілеті. Ең бастысы – қорықпау. Өз ортаңда, достарыңмен, қоғаммен тоғысатын ортақ нүктелерді таба білу керек. «Идеядан – іске, қызығушылықтан – табысқа» ұстанымы арқылы жас кәсіпкерлерге алғашқы видеосын түсіріп, сторителлинг негіздерін игеруге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, Coursera платформасы арқылы әлемдік университеттер курстарын меңгерудің маңызы аталды.

Oyu Fest, Kitap Ai, QR – креатив пен цифрдың үйлесімін көрсететін бастамалар. Ең бастысы – өзгеше болудан, ерекшеленуден қорықпау, цифрлық медианың барлық мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану», – деді Д.Абрахмет.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиа орталығының жетекшісі Равиль Айратұлы «Еріктілік, медиа және креатив: ҚХА жастары қоғамға қалай әсер ете алады?» тақырыбы аясында сөйлеп, қарапайым тілмен күрделі мәселені түсіндіру нағыз шеберлік деп сөзін түйіндеді.

Ашық диалог алаңы тек тәжірибе алмасу емес, ел болашағы үшін нақты идеялар мен қадамдарды ұсынатын платформа. Жастардың креативті ойы мен белсенді азаматтық ұстанымы – Жаңа Қазақстанның берік іргетасы.

Жансая Алмахан,

Л.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 2-курс студенті 

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button