Қоғам

Астаналық әкелер қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етті

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Астана қаласындағы «Қуғын-сүргін құрбандарына» арналған ескерткішке тағзым ету рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет пен Астана қаласы бойынша Әкелер одағының төрағасы Бекдайыр Нығметұлы бастаған елорда әкелері қатысты.

Жиналғандар нәубет жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына тағзым етіп, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Олар халық басынан өткен қиын-қыстау кезеңді еске алып, бүгінгі бейбіт күннің қадірін ұрпаққа ұғындырудың маңызын атап өтті.

— Біз тек әке ретінде ғана емес, ұлт перзенті ретінде де осы күнді елеусіз қалдыра алмаймыз. Тарихтан тағылым алып, болашақты бейбіт ету – парызымыз. Осы зұлмат жылдарда көз жұмған, азап көрген миллиондаған арысқа құрмет көрсету – ұрпақтық борыш, – деді Мақсұтбек Айтмағанбет.

«Әкелер одағы» қоғамдағы әке рөлін арттырумен қатар, ұрпақ тәрбиесінде тарихи сана қалыптастыруға да баса назар аударады. Осы жолғы тағзым рәсімі – ұлт бірлігі мен өткенге құрметтің жарқын көрінісі.

Іс-шара соңында қатысушылар бір минут үнсіздікпен құрбандардың рухына тағзым етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button