Қоғам

«Орталық Азия – Италия» саммиті кезінде көшелер жабылады

Астанада 30 мамырда «Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммит өтеді. Оған өңір елдерінің мемлекет басшылары мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелони қатысады. Осы күні Италия Үкіметінің басшысы Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның өтуіне байланысты елордада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Жол қозғалысын жабу мына учаскелерде жоспарланып отыр:

Сағат 11:00-ден бастап Нәжімеденов көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін;
Аманжолов көшесі – Байтұрсынов көшесінен Нажімеденов көшесіне дейін;
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ықтимал өзгерістерді ескере отырып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button