Қоғам

Аналар күніне әсерлі челлендж өткізді

Қазақстан мамырдың екінші жексенбісінде ерекше әрі әсерлі мереке – Аналар күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай астаналық спортшылар әлеуметтік желілерде «Анаға тағзым – анаға құрмет» атты ерекше челлендж бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Челлендж аясында спортшылар отбасыларымен бірге түскен видеолары мен фотосуреттерін жариялап, балалық шағындағы әсерлі оқиғаларды әңгімелеп береді, сол сияқты аналарына шексіз махаббаты, қолдауы және сенімі үшін алғыс айтады.

Видеожазбаларда олар аналарын құшақтап: «Мен сені жақсы көремін, мама», «Анашым, рақмет сізге…» дейді.

Кейбірі анасының спортта қалай көмектескені, қиын кезеңде қолдау көрсеткені, өмірлік құнды дағдыларды бойына сіңіргені туралы шағын әңгімелер жазып, фотосуреттерін жариялайды. Жас гимнастшылар ән орындаса, енді бірі анасына өлең арнады.

Бұл челленджге 2024 жылы Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері және парадзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Ерғали Шәмей, сондай-ақ допты хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, VII Қысқы Азия ойындарының чемпионы және Қазақстан кубогының бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ілияс Хайрекешев сияқты танымал спортшылар қатысты.

Велосипед мектебінің жас спортшылары Давид Егерев, Александр Райт және Леон Приходько да қосылды. Олар Ирина Самарина-Лабиринттің өлеңдерін әсерлі оқып, оны аналарына арнады.

Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты ұйымдардың жаттықтырушылары мен қызметкерлері де шет қалмады.

«Челлендждің идеясы – ананы құрметтеудің, өмір сыйлаған жандарға махаббат пен алғыс айтудың маңыздылығын еске түсіру. Акцияға кез келген адам #AlgysAnama #SpasiboMame #AnagaQurmet #АналарКүні хэштегтері арқылы қосыла алады», – деді Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button