Қоғам

Қарттарға қамқорлық көрсетілді

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Таза білім ордасы» апталығы аясында экологиялық сенбілік өтті. Іс-шараны Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының, Қазақстан халқы ассамблеясының және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Белсенді жастар қаланы тазартып қана қоймай, қарт адамдарға қамқорлық көрсетті. Олар орталықтың аумағын қоқыстан тазартып, көгалдандырды. Осылайша, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

«Іс-шара аға ұрпаққа – ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, еліміздің дамуына зор үлес қосқан жандарға құрмет көрсетуге арналған. Мұндай акциялар тұрақты түрде өтеді, көктем мезгілінің басынан бастап бұл бастама үшінші немесе төртінші мәрте ұйымдастырылды. Біз қоғамдық кеңістікті көгалдандыруға немесе тазартуға үлес қосып қана қоймай, жастардың өткен тарихқа және тарихи оқиғалардың ортасында болған жандарға құрмет көрсетуін насихаттаймыз» дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекші маманы Әлібек Жүсіпов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button