Қоғам

Соғыстың ардагеріне арнап мемориалдық тақта орнатылды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Астанада Ұлы Отан соғысының қатысушысы Шаяхмет Қасымовты еске алды. Ол өмір сүрген үйдің қасбетінде мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Салтанатты рәсімге оның туыстары, достары, көршілері, ардагерлер кеңесінің, күш құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ Байқоңыр ауданы әкімдігінің қызметкерлері жиналды.
Шаяхмет Қасымов 1939 жылы Ақмола облысы Талапкер ауылынан Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Ол Ленинградты азат ету үшін шайқастарға қатысып, Балтық жағалауына дейін барды. Көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. 1944 жылы сол көзін снаряд сынығы жаралап, Отанына капитан атағымен III топтағы мүгедек болып оралды.

«Менің әкем Жеңісті үйде қарсы алды, жараланғаннан кейін ол Ленинград ауруханасында емделді. Көру қабілетінің жоғалуы оның рухын түсірген жоқ. Ұлы мереке қарсаңында оның есімі мәңгілікке есте қалғаны біз үшін үлкен қуаныш. Біз оның ерлігін ешқашан ұмытпаймыз», – деді ардагердің қызы, білім беру үздігі Қалимаш Қасымова.

Соғыстан кейін Шаяхмет Қасымов өз өмірін педагогикаға арнады. Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді, Қорғалжын ауданы Қызылту ауылында мектеп директоры болды. Ардагер сегіз бала мен немере-шөберелерін өсіріп жеткізді. Оның аймақтағы білім беруді дамытуға және жастарға патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі әлі күнге дейін ел есінде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button